Ақтөбе қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 33 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 маусымда № 8367 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 28 тамыздағы № 360 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-205 болып тіркелген);

      2) "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 360 "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 6 маусымдағы № 175 шешімі.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы А. Даржанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады