Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 28.03.2024 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Алға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 116 "Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5676 болып тіркелген) шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен айқындалған Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
10 тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"10) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295 Н/Қ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Тулеуов |