Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 116 "Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 77 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 қарашада № 8446 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 137 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 28.03.2024 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Алға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 116 "Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5676 болып тіркелген) шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен айқындалған Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      10 тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295 Н/Қ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға аудандық
мәслихатының төрағасы
М. Тулеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады