Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Сержан |
Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 54 шешіміне қосымша |
Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" – (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
5) уәкілетті орган – "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 05.06.2024 № 179 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет,жылына 1 рет) көрсетіледі.
4. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
5. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі азаматтар санаттарына көрсетіледі:
1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 2 140 000 (екі миллион жүз қырық мың) теңге мөлшерiнде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;
Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға, 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;
еңбек ардагерлеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
2) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай:
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектігі бар адамдарға – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
3) 16 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай:
Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңына сәйкес Қазақстандағы 1986 жылдың 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға– 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерiнде.
6. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табысты есепке алмағанда:
әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:
амбулаториялық емдеудегі онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Байғанин аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдерге сәйкес, сондай-ақ "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынатын анықтамаларға сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға, ай сайын, бірақ жылына 6 (алты) айдан аспайтын уақытқа – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
7. Бір рет берілетін әлеуметтік көмек алушыларға мынадай негіздер бойынша беріледі:
1) жетімдік; ата–ана қамқорлығының болмауы; жасының егде тартуына байланысты өзіне - өзі күтім жасай алмауы; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы; пробация қызметінің есебінде болу – адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің шыққан орны бойынша табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), осы жағдайлар туындаған сәттен бастап алты ай ішінде, бір рет жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алмағанда – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға арызы бойынша, бір рет, жан басына шаққандағы орташа табыстың біржолғы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерін ескере отырып – 140 000 (жүз қырық мың) теңге мөлшерінде;
Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекеттік қамсыздандыруында болмаған жағдайда көрсетіледі.
3-тарау. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.
Ескерту. 9 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 05.06.2024 № 179 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).10. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Байғанин ауданының бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
11. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
12. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
13. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.