Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 54 "Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8412 болып тіркелген) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
2 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" – (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;".
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Сержан |