Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4891 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Байғанин ауданының әкімі | А. Купенов |
Байғанин аудандық әкімдігінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 234 қаулысына қосымша |
|
Байғанин ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 67 қаулысына қосымша |
Байғанин ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Мәдениет саласы |
Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры) |
ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: |
ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: |
ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: |
ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: |
Әлеуметтік қамсыздандыру саласы |
ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: |
ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: |
ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші, екінші санаттағы мамандар: |
ММ және МКҚ біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: |
Техникалық орындаушылар: Мансап орталығының ассистенті |
Спорт саласы |
Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы |
Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары |
Біліктіліктегі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Ауылдық маңызы бар ММ – бұл ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік мекемелері;
Ауылдық маңызы бар МҚК – бұл ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары;
Аудандық маңызы бар ММ – бұл аудандар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік мекемелері;
Аудандық маңызы бар МҚК – бұл аудандар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнындары.