"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, Қобда ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қобда ауданы Қобда ауылында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бір рет жол жүруге 80 (сексен) теңге мөлшерде бірыңғай тариф белгіленсін.
2. "Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет Депаратментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қобда ауданының әкімі | Б. Кулов |