Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Мұғалжар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Мұғалжар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 шілдедегі № 336 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6296 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар аудандық мәслихатының төрағасы |
Б. Кадралин |