"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің "Облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" 2021 жылғы 31 наурыздағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5915 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының аумағында карантин режимінің күшін жою және Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 117 "Облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 109 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27755 болып тіркелген) қаулысының 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | М. Султангазиев |