"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | М. Султангазиев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы экология | |
және табиғи ресурстар министрлігі |
Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 179 қаулысына қосымша |
2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидиялау түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем | Субсидиялар сомасы, (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Балық азықтарына тиесілі субсидиялар | |||
1.1 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 168000 тонна | 105 | 17640,0 |
1.2 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 72000 тонна | 270 | 19440,0 |
1.3 | Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 45000 тонна | 285 | 12825,0 |
1.4 | Жайын тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 36000 тонна | 210 | 7560,0 |
2. | Тұқы, албырт тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін балық отырғызу материалын сатып алуға субсидиялар (БӨМ) | |||
2.1 | Тұқы тұқымдас шабағы 30 граммға дейін 1 (бір) дана | 326600 дана | 15 | 4899,0 |
2.2 | Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) дана уылдырық | 1800000 дана | 5 | 9000,0 |
2.3 | Албырт тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана | 302080 дана | 25 | 7552,0 |
2.4 | Бекіре тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана | 28986 дана | 250 | 7246,8 |
3. | Балық өсіру-билогиялық негіздемені сатып алу шығыстарын субсидиялау (БӨБН) | 2 дана | 500000 | 1000,0 |
4 | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау (ББТАБҮ) | |||
4.1 | Стерлед ұрғашысы | 5000 дана | 7365,5 | 36827,5 |
4.2 | Орыс бекіресінің ұрғашысы | 800 дана | 30000 | 24000,0 |
4.3 | Белуга ұрғашысы | 67 дана | 2010,0 | |
Барлығы | 150000,0 |