Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабы 2), 2-1 тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану арнайы режимі белгіленсін.
3. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 453 қаулысына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Алматы облысы әкімдігінің 19.09.2024 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленетін су объектілері тізімі
№ | Атауы | Су қорғау аймақтарының ені, метр | Су қорғау белдеулерінің ені, метр |
1 | Щипалка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
2 | Шығыс Қарабұлак өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 100 |
3 | Саты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 100 |
4 | Кіші Жалаңаш өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 100 |
5 | Чадай бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
6 | Муаш өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 100 |
7 | Түрген-Қарасу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
8 | Бахтияр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
9 | Төрткөл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
10 | Жарылған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
11 | Баубек бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
12 | Үлкен Шарын өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
13 | Тас Шарын бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
14 | Қайназар өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
15 | Шақабай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
16 | Шолақ-Қарғалы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
17 | Тюремный өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
18 | Сасықпай-Қарасу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
19 | Кұтырған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
20 | Алдияр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
21 | Шығыс Дегерес өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 100 |
22 | Қарасу-Южный өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
23 | Сарғамыс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 240-600 | 35-100 |
24 | Сорбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
25 | Бестерек-Қарасу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
26 | Есентай (Весновка) өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
27 | Қотырбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
28 | Джигитовка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
29 | Қарасу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
30 | Мутная протока бастауының су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
31 | Аршалысай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 100 |
32 | Көксай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 100 |
33 | Самамбай-Карасу бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
34 | Жіңішке өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
35 | Лушев өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
36 | Рахат-Микушенко өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
37 | Саламатка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
38 | Могильный бастауының су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
39 | Садырсу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 600 | 100 |
40 | Бесағаш өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
41 | Көльсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 100 |
42 | Терісбұтақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 100 |
43 | Кенсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 100 |
44 | Қара-Арша өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
45 | Грязный бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 100 |
46 | Жылысай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 35-100 |
47 | Байтал-Саз өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
48 | Сүмбе өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 100 |
49 | Ұзын-Бұлақ бұлағына су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 55-100 |
50 | Хасан өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 100 |
51 | Қара-Джерік өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
52 | Ақтерек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
53 | Жарсу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
54 | Хасансай бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 55-100 |
55 | Ұзын-Құнғайлы-Басы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 35 |
56 | Шұнқұрсай өзеніне өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
57 | Құрметті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
58 | Кішікаксусай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
59 | Шет-Шийбут өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 100 |
60 | Талдысай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 55-100 |
61 | Супатсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
62 | Бельшабар өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
63 | Иссычка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
64 | Ташты-Қара өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
65 | Талдыбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 100 |
66 | Қырғауылды өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500-600 | 35-100 |
67 | Қарасу Байсерке өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 35-100 |
68 | Долайты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 55 |
69 | Үлкен Ақсу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 35-55 |
70 | Кіші Ақсу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 35 |
71 | Құрметті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 35-55 |
72 | Қақпақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 35-55 |
Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 453 қаулысына 2-қосымша |
Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану арнайы режимі
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 145-1-бабында көрсетілген шарттарды ескере отырып қолданылады;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.
2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.