Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану арнайы режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 453 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 желтоқсанда № 6063-05 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабы 2), 2-1 тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану арнайы режимі белгіленсін.

      3. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі М. Султангазиев
      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Су ресурстары және ирригация министрлігі
      Су шаруашылығы комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік
      инспекциясының басшысы Р. Иманбет

  Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 453 қаулысына 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Алматы облысы әкімдігінің 19.09.2024 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленетін су объектілері тізімі

Атауы

Су қорғау аймақтарының ені, метр

Су қорғау белдеулерінің ені, метр

1

Щипалка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

2

Шығыс Қарабұлак өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

3

Саты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

4

Кіші Жалаңаш өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

5

Чадай бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

6

Муаш өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

100

7

Түрген-Қарасу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

8

Бахтияр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

9

Төрткөл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

10

Жарылған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

11

Баубек бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

12

Үлкен Шарын өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

13

Тас Шарын бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

14

Қайназар өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

15

Шақабай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

16

Шолақ-Қарғалы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

17

Тюремный өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

18

Сасықпай-Қарасу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

19

Кұтырған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

20

Алдияр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

21

Шығыс Дегерес өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

22

Қарасу-Южный өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

23

Сарғамыс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

240-600

35-100

24

Сорбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

25

Бестерек-Қарасу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

26

Есентай (Весновка) өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

27

Қотырбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

28

Джигитовка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

29

Қарасу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

30

Мутная протока бастауының су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

31

Аршалысай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

32

Көксай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

100

33

Самамбай-Карасу бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

34

Жіңішке өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

35

Лушев өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

36

Рахат-Микушенко өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

37

Саламатка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

38

Могильный бастауының су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

39

Садырсу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

600

100

40

Бесағаш өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

41

Көльсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

42

Терісбұтақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

43

Кенсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

100

44

Қара-Арша өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

45

Грязный бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

100

46

Жылысай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35-100

47

Байтал-Саз өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

48

Сүмбе өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

49

Ұзын-Бұлақ бұлағына су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

55-100

50

Хасан өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

51

Қара-Джерік өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

52

Ақтерек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

53

Жарсу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

54

Хасансай бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

55-100

55

Ұзын-Құнғайлы-Басы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

56

Шұнқұрсай өзеніне өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

57

Құрметті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

58

Кішікаксусай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

59

Шет-Шийбут өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

60

Талдысай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

55-100

61

Супатсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

62

Бельшабар өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

63

Иссычка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

64

Ташты-Қара өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

65

Талдыбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

66

Қырғауылды өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

67

Қарасу Байсерке өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35-100

68

Долайты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

55

69

Үлкен Ақсу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35-55

70

Кіші Ақсу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

71

Құрметті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35-55

72

Қақпақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35-55


  Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 453 қаулысына 2-қосымша

      Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану арнайы режимі

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 145-1-бабында көрсетілген шарттарды ескере отырып қолданылады;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады