"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес, Қонаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қонаев қаласының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 80 (сексен) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қонаев қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қонаев қаласының әкімі | Н. Куматаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қонаев қалалық мәслихаты |