"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Қабанбай ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2022 жылғы 30 наурыздағы ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1. Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округі Қабанбай ауылындағы атауы жоқ саябақ – Әнуар Әлімжанов атындағы саябақ деп аталсын.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қабанбай ауылдық округі әкімі | К. Кабдылдаев Кайрат |