Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округі Қабанбай ауылының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңа

Жетісу облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 15 мамырдағы № 30 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 15 мамырда № 26-19 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Қабанбай ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2022 жылғы 30 наурыздағы ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:

      1. Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округі Қабанбай ауылындағы атауы жоқ саябақ – Әнуар Әлімжанов атындағы саябақ деп аталсын.

      2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қабанбай ауылдық округі әкімі К. Кабдылдаев Кайрат

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады