Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 68-198 "Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № VIII-7-38 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қыркүйекте № 6031-05 болып тіркелді

      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 68-198 "Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 147070 болып тiркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:


      "Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:


      1. "Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы алынып тасталсын;

      көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының "Әлеуметтік салаларды дамыту мен заңдылық, құқықтық тәртіп, қоғамдық келісім, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының төрағасы Б. Ахметов

  Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № VIII-7-38 шешіміне қосымша

Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Осы Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) "Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізіледі.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу "Алматы облысы білім беру басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

      5. Өтінішті "электрондық үкімет" порталы арқылы беруге де болады.

      6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы), төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

      8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері оқу жылы ішінде тоқсан сайын 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткішке тең.

      9. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 91-бабына сәйкес оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу барысында туындаған барлык даулар мен келіспеушіліктерге шағым жасауға құқылы.

О внесении изменений и дополнения в решение Енбекшиказахского районного маслихата от 28 сентября 2020 года № 68-198 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Енбекшиказахском районе"

Решение Енбекшиказахского районного маслихата Алматинской области от 15 сентября 2023 года № VIII-7-38. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 20 сентября 2023 года № 6031-05

      Енбекшиказахский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Енбекшиказахского районного маслихата от 28 сентября 2020 года № 68-198 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Енбекшиказахском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 147070) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в новой редакции:


      "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Енбекшиказахском районе";

      пункт 1 указанного решения изложить в новой редакции:


      "1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Енбекшиказахском районе согласно приложению к настоящему решению.";

      пункт 2 указанного решения исключить;

      указанное решение дополнить приложением согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Енбекшиказахского районного маслихата "По вопросам развития отраслей социального направления и законности, правопорядка, общественного согласия, местного государственного управления и самоуправления".

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Енбекшиказахского районного маслихата Б. Ахметов

  Приложение к решению Енбекшиказахского районного маслихата от 15 сентября 2023 года № VIII-7-38

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Енбекшиказахском районе

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с граниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Енбекшиказахском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее – Правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее – возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Енбекшиказахского района" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иными законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении психолого-медико-педагогической консультации государственного учреждения "Отдел образования Енбекшиказахского района управления образования Алматинской области".

      5. Заявка на возмещение также может быть отправлена через портал "электронного правительства".

      6. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат (достижение ребенком с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      7. Перечень документов, необходимых для возмещения затрат на обучение а предоставляется согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат, при этом кандасами для идентификации личности вместо документа, удостоверяющего личность, предоставляется удостоверение кандаса.

      8. Размер возмещения затрат на обучение равен 8 (восьми) месячным расчетным показателям ежеквартально на каждого ребенка с инвалидностью.

      9. Все споры и разногласия, возникшие при возмещении затрат на обучение разрешаются в соответствии со статьей 91 Административного процедурно-процессуального Кодекса Республики Казахстан.