Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 68-198 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 5 қазанда № 5689 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 15.09.2023 № VIII-7-38 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 15.09.2023 № VIII-7-38 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Алынып тасталды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 15.09.2023 № VIII-7-38 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2017 жылғы 6 қарашадағы № 20-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4391 тіркелген, 2017 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 қарашадағы "Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы № 20-5 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 7 тамыздағы № 32-64 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4821 тіркелген, 2018 жылдың 12 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік салаларды дамыту мен заңдылық, құқықтық тәртіп, қоғамдық келісім, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының сессия төрағасы В. Вальков
      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысы Б. Ахметов

  Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № VIII-7-38 шешіміне қосымша

      Ескерту. Шешім қосымшамен толықтырылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 15.09.2023 № VIII-7-38 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Осы Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) "Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізіледі.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу "Алматы облысы білім беру басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

      5. Өтінішті "электрондық үкімет" порталы арқылы беруге де болады.

      6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы), төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

      8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері оқу жылы ішінде тоқсан сайын 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткішке тең.

      9. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 91-бабына сәйкес оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу барысында туындаған барлык даулар мен келіспеушіліктерге шағым жасауға құқылы.

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады