"Қарасай ауданында тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Қарасай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 маусымдағы № 21-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 14-5 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 қаңтарда № 6067-05 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 18-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 08.04.2024 № 18-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қарасай ауданында тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Қарасай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 маусымдағы № 21-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28443 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай аудандық мәслихатының төрағасы Б. Айнабеков

  Қарасай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 14-5 шешіміне қосымша


Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері (бұдан әрі – Тәртіп) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді.

1-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1.Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарасай ауданында орналасқан тұрғын үйде тұрақты тіркелген және нақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі:

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      3. Тұрғын үй көмегі "Қарасай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындалады.

      4. Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы Қарасай аудандық бөлімі (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және "электронды үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      4-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      4-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе порталдан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      5. Аз қамтылған отбасы (азамат) немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінуге құқылы немесе тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      6) банктік шоты;

      7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

      8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншiгiндегi тұрғын үйдiң (Қазақстан Республикасында) болуы немесе болмауы туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      5-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      5-2. Осы Тәртіптің 5-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      5-3. Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      5-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      5-5. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.

      5-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      6. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі және тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      7. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      8. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

      Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

      1) газды тұтыну нормасы: газ плитасы және орталық ыстық сумен жабдықтау болған кезде тамақ дайындау үшін газ шығыны: көп пәтерлі тұрғын үйлерде, жеке секторда тұратын отбасылар тамақ дайындау үшін тауарлық газды пайдаланатын – 1 отбасыға айына 10,0 текше метр, есептеу аспаптары бар нұсқауларға сәйкес, бірақ қолданыстағы нормадан жоғары емес. Пешпен жылытатын тұрғын үйде тұратын отбасылар үшін – отбасына 1 айға тұтынатын сұйық газ – 10 килограмм (1 кішкене баллон);

      2) электр энергиясын тұтыну нормасы: 1 адамға – 70 киловатт, 2 адамға – 140 киловатт, 3 адамға – 180 киловатт, 4 және одан көп адамға – 210 киловатт;

      3) тұрғын жайларды жылыту үшін газды тұтыну нормасы: көп пәтерлі тұрғын үйлерде, жеке секторда тұратын отбасылар үшін тауарлық газды пайдалану кезде – айына 1 шаршы метрге 7,0 текше метр;

      4) сумен қамтамасыз ету нормасы – әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда – көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;

      5) қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару нормасы: жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттары бойынша.

      6) қатты отынды тұтынушылар үшін:пешпен жылытатын тұрғын үйлерге жылыту маусымына – төрт тонна көмір, бар қажетпен жабдықталған пәтерлерді жылыту үшін электр қуатын қолданатындарға төрт тонна көмірдің құны.

      Қатты отынның құнын есептеу кезінде өңірде өткен тоқсанда қалыптасқан орташа баға ескеріледі.

      Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

3-тарау. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      10. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың есеп шоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі тоқсанның соңғы айының 20-шы күнінен кейін төленеді.

О внесении изменения в решение Карасайского районного маслихата от 7 июня 2022 года № 21-4 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Карасайском районе"

Решение Карасайского районного маслихата Алматинской области от 29 декабря 2023 года № 14-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 3 января 2023 года № 6067-05. Утратило силу решением Карасайского районного маслихата Алматинской области от 8 апреля 2024 года № 18-7

      Сноска. Утратило силу решением Карасайского районного маслихата Алматинской области от 08.04.2024 № 18-7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Карасайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Карасайского районного маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Карасайском районе" от 7 июня 2022 года № 21-4 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28443) следующее изменение:

      приложение к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Карасайского районного маслихата Б. Айнабеков

  Приложение к решению Карасайского районного маслихата от 29 декабря 2023 года № 14-5


Размер и порядок оказания жилищной помощи

      Настоящий порядок и размер оказания жилищной помощи (далее – Порядок) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".

Глава 1. Порядок оказания жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, находящемся на территории Карасайского района, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местными представительными органами, не более 10 процентов.

      2. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      3. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Карасайским районным отделом занятости и социальных программ" (далее – уполномоченный орган).

      4. Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляются через отдел Карасайского района филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Алматинской области (далее – Государственная корпорация) и веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

      4-1. Малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в Государственную корпорацию или на портал за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      4-2. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через портал составляет восемь рабочих дней.

      5. Малообеспеченная семья (гражданин) либо его представитель по нотариально заверенной доверенности вправе обратиться в Государственную корпорацию или на веб-портал "Электронного правительства" за назначением жилищной помощи с предоставлением следующих документов:

      1) документа, удостоверяющего личность заявителя (оригинал представляется для идентификации личности);

      2) документа, подтверждающего доходы малообеспеченной семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;

      3) справки о пенсионных отчислениях (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      4) справки с места работы либо справки о регистрации в качестве безработного лица;

      5) сведений об алиментах на детей и других иждивенцев;

      6) банковского счета;

      7) счета о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      8) счета на потребление коммунальных услуг;

      9) квитанции-счета за услуги телекоммуникаций или копии договора на оказание услуг связи;

      10) счета о расходах за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Истребование документов, не предусмотренных настоящим пунктом, не допускается. Сведения о наличии или отсутствии жилища (по Республике Казахстан), принадлежащего им на праве собственности, услугодатель получает посредством информационных систем.

      5-1. При приеме документов через Государственную корпорацию выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      5-2. В случае представления неполного пакета документов, предусмотренного пунктом 5 настоящего Порядка, работник Государственной корпорации выдает расписку об отказе в приеме документов.

      5-3. В случае обращения через портал, услугополучателю в "личный кабинет" направляются статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      5-4. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      5-5. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи в порядке и сроки, установленные уполномоченным органом, осуществляющим руководство и межотраслевую координацию в сфере жилищных отношений и жилищно-коммунального хозяйства.

      5-6. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.

      6. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, установленным действующим законодательством и жилищная помощь назначается с месяца подачи заявления на текущий квартал.

Глава 2. Размер оказания жилищной помощи

      7. Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается в размере 10 (десять) процентов, от совокупного дохода малообеспеченной семьи (гражданина).

      8. Нормативы потребления коммунальных услуг, обеспечиваемых компенсационными мерами для потребителей, не имеющих приборов учета, устанавливаются в соответствии с действующим законодательством.

      Если нормативы и тарифы на расходы не определены в установленном законодательством порядке, возмещение затрат производится по фактическим расходам.

      9. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) производится в соответствии c нижеследующими нормами потребления:

      1) нормы потребления газа для приготовления пищи при наличии газовой плиты и центрального горячего водоснабжения: семьям, проживающим в частном секторе, в многоквартирных жилых домах при использовании товарного газа для приготовления пищи – 10,0 кубических метров в месяц на одну семью, при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм, семьям, проживающим в жилом доме с печным отоплением – 10 килограмм (1 маленький баллон) в месяц на одну семью;

      2) нормы потребление электроэнергии: на 1-го человека – 70 киловатт, на 2-х человек – 140 киловатт, на 3-х человек – 180 киловатт, на 4-х и более человек – 250 киловатт;

      3) нормы потребления газа для отопления: семьям, проживающим в частном секторе, в многоквартирных жилых домах при использовании товарного газа – при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм 7,0 кубических метров на 1 кв.м.;

      4) нормы на водоснабжение – на каждого члена семьи, при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм, установленных поставщиком услуги;

      5) нормы вывоз твердых бытовых отходов – по предъявленным поставщиками счетам;

      6) для потребителей твердого топлива: на жилые дома с печным отоплением – четыре тонны угля на отопительный сезон, благоустроенные квартиры, использующие электроэнергию для отопления, стоимость четырех тонн угля на отопительный сезон.

      При расчете стоимости твердого топлива учитывается средняя цена, сложившаяся за предыдущий квартал в регионе.

      Нормы расходов и их тарифы по водоснабжению, теплоснабжению, вывозу мусора, расходов на содержание жилья предоставляются поставщикам услуг.

Глава 3. Финансирование и порядок выплаты жилищной помощи

      10. Выплата жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом по заявлению получателя жилищной помощи через банки второго уровня, а также через организации, осуществляющие отдельные виды банковской деятельности путем перечисление начисленных сумм на лицевые счета получателя жилищной помощи. Выплата жилищной помощи будет производиться после 20 числа последнего месяца квартала.