"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасай аудандық мәслихатының "Қарасай ауданында тұрғын үй көмегін" көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2022 жылғы 7 маусымдағы № 21-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28443 болып тіркелген) шешімінің және Қарасай аудандық мәслихатының "Қарасай ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2022 жылғы 7 маусымдағы № 21-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 14-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6067-05 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасай аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Айнабеков |