"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Белбұлақ ауылындағы "Яблочная" көшесі "Есембаев Буламбай" есіміне қайта аталсын.
2. Талдыбұлақ ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
атауы жоқ көшеге – "Жанабаев Абдибай" есімі;
атауы жоқ көшеге – "Өтеков Досжан Тұрғанұлы" есімі;
атауы жоқ көшеге – "Чинтемиров Баймуханбет" есімі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Белбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Н. Досымбаев |