Белбұлақ ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне қайта атау және жаңа атаулар беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 03 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 4 сәуірде № 5975-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Белбұлақ ауылындағы "Яблочная" көшесі "Есембаев Буламбай" есіміне қайта аталсын.

      2. Талдыбұлақ ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      атауы жоқ көшеге – "Жанабаев Абдибай" есімі;

      атауы жоқ көшеге – "Өтеков Досжан Тұрғанұлы" есімі;

      атауы жоқ көшеге – "Чинтемиров Баймуханбет" есімі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Белбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Н. Досымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады