"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағының 2-3) тармақшасына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кеген ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекiтілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Кеген аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының "Халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, тіл, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, туризм, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Нұғман |
Кеген аудандық маслихаты 2023 жылғы 19 қазандағы № 11-52 шешіміне 1 қосымша |
Кеген ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары
1. Осы Кеген ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Алматы облысы Кеген ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – Алматы облысы Кеген ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 30.12.2024 № 29-129 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында,12-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін Алматы облысының ЖАО ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Алматы облысының ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Мереке күндер мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) 1) 9 мамыр – Жеңіс Күні:
мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет – 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш және айына 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға бір рет – 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына бір рет – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабымен белгіленген, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне бір рет – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне бір рет – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бір рет – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
2) Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні – 15 ақпан:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге бір рет – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына бір рет – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
3) Радиациялық апаттардың салдарын жоюға қатысқан қатысушылар және осы апаттардың құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір және де Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні – 29 тамыз:
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына бір рет – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына бір рет – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына бір рет – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
Чернобыль атом электр станциясында сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы апаттың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына бір рет – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 30.12.2024 № 29-129 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі – санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек) заттай нысанда (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес анықталған санаторлық-курорттық мекемелерге жолдама) немесе ақшалай түрде (Қазақстан Республикасының аумағында санаторий-курорттық емделу үшін кеткен шығынды тиісті қаржы жылына бюджеттік есепті жасау барысында бекітілген жолдаманың құны мөлшерінде өтеу) мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, тегін көрсетіледі:
1) мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2) мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабымен белгіленген, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
3) мәртебесі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында белгіленген Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлеріне.
9. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына, бір рет және (немесе) кезеңді (ай сайын) көрсетіледі, атап айтқанда:
1) Алматы облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып:
дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты бір рет – 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш;
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты бір рет – 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш;
дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі – үш ай.
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;
2) Алматы облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып:
балалары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын отбасыларға ай сайын – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
3) Жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай:
туберкулез ауруымен амбулаторлық ем қабылдап жатқан адамдарға ай сайын – 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш;
адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде.
Әлеуметтік көмек көрсетуге адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 30.12.2024 № 29-129 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).10. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.
Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беру тәртібі, әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту негіздері, артық төленген және заңсыз алынған сомаларды қайтару тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 30.12.2024 № 29-129 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).11. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары айқындайды.
Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 30.12.2024 № 29-129 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).12. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Кеген ауданының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі мен мерзімдері Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 30.12.2024 № 29-129 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).13. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
14. Мынадай:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тұрақты тұру үшін Кеген ауданынан тыс кеткен;
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Әлеуметтік көмек алушылар әлеуметтік көмекті тоқтату негіздері басталған күннен бастап екі жұмыс күні мерзімінде, өзінің немесе отбасының атынан, аталған негіздердің басталуы туралы Кеген ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне хабарлауға міндетті.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 30.12.2024 № 29-129 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).15. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.
16. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Кеген аудандық мәслихатының 2023 жылғы "____" ________ № _____ шешіміне 2 қосымша |
Кеген аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. 2018 жылғы 23 қарашадағы "Кеген ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 10-35 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4900 болып тіркелген
2. 2020 жылғы 15 мамырдағы "Кеген аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы "Кеген ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 35-123 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5529 болып тіркелген).