Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласының ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймақтары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
Және қорғау жөніндегі
Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы"
Республикалық мемлекеттік мекемесі
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасының Денсаулық
Сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Шымкент қаласының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті"
Республикалық мемлекеттік мекемесі
Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 798 қаулысына қосымша |
Шымкент қаласының ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймақтары
№ | Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарының атауы | Санитарлық қорғау аймақтарының өлшемдері | |||||
I белдеуі | II белдеуі | III белдеуі | |||||
Шекаралары | Ауданы | Шекаралары | Ауданы | Шекаралары | Ауданы | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Бадам-Сайрам кен орнының Бас су қабылдағышы 25 су тарту ұңғымалары №№1, 1а, 2, 3, 4, 5, 6/1, 6/3, 6/4, 7/3, 7/4, 8/3, 8/4, 9, 10, 11, 12, 12а, 13, 13а, 14, 14/1, 14/2, 15, 16 |
Тұрақты емес пішіндегі 3 учаске: | 10,6 га |
Ұзындығы – 1,52 км, | 498 га | Сайрамсу және Бадам өзендерінің аңғарлары су жинау ағысынан жоғары. | 6 859 га |
2 | Тассай-Ақсу кен орнының Тассай-1 су қабылдағышы 12 су тарту ұңғымалары №№1, 2, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14 |
7 ұңғыма учаскесі. | 0,864 га |
Ұзындығы – 2,5 км, | 536 га | Су тоғанынан Сайрам су өзеніне дейінгі Безымянный алқап және Сайрам тұрғын алабы ағысынан жоғары Сайрам өзенінің алқабы | 5 299 га |
3 | Тассай-Ақсу кен орнының Тассай-2 су қабылдағышы 17 су тарту ұңғымалары №№15, 16, 16а, 17, 18, 18а, 19, 19а, 20, 21, 21а, 22, 22а, 23, 24, 25, 26 |
6 ұңғыма учаскесі. | 7,475 га |
Ұзындығы – 3,3 км, | 620 га | Тассай алқабы бас тоғаннан Сайрам су өзеніне дейін және Шапрашты тұрғын алабының ағысымен жоғары Сайрамсу өзенінің алқабы | 4 148 га |
18,939 га | 1 654 га | 11 834 га |