Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Шымкент қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 689 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 57 нөмірімен тіркелген);
2) "Шымкент қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 689 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 801 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 144 нөмірімен тіркелген).
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |