Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2023 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 799 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 173-17 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 және 3 қосымшалары осы қаулының 2 және 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Г. Сыздыкбеков |
Шымкент қаласының әкімі 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 2848 қаулысына 2-қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 799 қаулысына 2- қосымша |
2023 жылға тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар көлемі
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар көлемі | 59 146 000 тенге |
Шымкент қаласының әкімі 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 2848 қаулысына 3-қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 799 қаулысына 3- қосымша |
2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемі
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қажетті барлық қаржы көлемі, мың теңге | оның ішінде: | |
бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | элиталық көшеттер | |
12 726,8 | 8 726,8 | 4 000,0 |