"2023 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 799 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 2848 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 желтоқсанда № 197-17 болып тіркелді. Мерзiмi өткендiктен қолданыс тоқтатылды

      Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2023 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 799 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 173-17 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2 және 3 қосымшалары осы қаулының 2 және 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Г. Сыздыкбеков

  Шымкент қаласының әкімі
2023 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 2848 қаулысына 2-қосымша
  Шымкент қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 7 сәуірдегі
№ 799 қаулысына 2- қосымша

2023 жылға тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар көлемі

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар көлемі

59 146 000 тенге

 
  Шымкент қаласының әкімі
2023 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 2848 қаулысына 3-қосымша
  Шымкент қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 7 сәуірдегі
№ 799 қаулысына 3- қосымша

2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемі

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қажетті барлық қаржы көлемі, мың теңге

оның ішінде:

бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

элиталық көшеттер

12 726,8

8 726,8

4 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады