Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шымкент қаласы мәслихатының "Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 56 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:";
2-тармақтың 2), 3) тармақшаларына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы | |
мәслихатының төрағасы | Б. Нарымбетов |
Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/109-VIII шешіміне қосымша |
|
Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с шешімімен бекітілген |
Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
1. Тұрғын үй сертификатының мөлшері:
тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек түрінде қарыз сомасының 10 %, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:
1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
2) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
3) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
4) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
5) толық емес отбасылар;
6) Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының жұмыскерлері.