"Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/109-VIII шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 8 қаңтарда № 200-17 болып тіркелді

      Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шымкент қаласы мәслихатының "Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 56 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:";

      2-тармақтың 2), 3) тармақшаларына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;

      қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов

  Шымкент қаласы мәслихатының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 13/109-VIII шешіміне қосымша
  Шымкент қаласы мәслихатының
2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с
шешімімен бекітілген

Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

      1. Тұрғын үй сертификатының мөлшері:

      тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек түрінде қарыз сомасының 10 %, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.

      2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:

      1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

      2) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      3) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      4) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      5) толық емес отбасылар;

      6) Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының жұмыскерлері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады