"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына және "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Абай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Әкімдіктің осы қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы әкімі | |
Н. Уранхаев |
Абай облысы әкімдігі 2023 жылғы 31 наурыздағы № 66 қаулысына қосымша |
Абай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Абай облысы әкімдігінің 26.08.2024 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Көтермелеудiң түрлерi
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері:
1) Құрмет грамотасы;
2) Алғыс хат;
3) Ақшалай сыйақы.
Көтермелеудің тәртібі
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Абай облысы әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.
3. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда және жолын кесуде белсенді қолдау көрсеткен азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының Полиция департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Полиция департаменті) ұсынады. Сол азамат наградтауға тоқсан ішінде бір реттен артық ұсыныла алмайды.
4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады, оның отырыстары тоқсан сайын және тиісті тоқсанның соңғы айының соңғы онкүндігінде өткізіледі.
5. Комиссия жеті адамнан тұрады:
Абай облысы әкімі аппараты басшысының құқық қорғау органдарымен өзара іс – қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары – комиссия төрағасы;
Абай облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы – комиссия төрағасының орынбасары;
Абай облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімі басшысы – комиссия мүшесі;
Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы – комиссия мүшесі;
Абай облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы – комиссия мүшесі;
Абай облысы қаржы басқармасының басшысы – комиссия мүшесі;
Абай облысы мәслихатының депутаты – комиссия мүшесі.
6. Комиссия отырысы төрағамен бірге оның жұмысына кемінде төрт адам қатысқан кезде заңды болып танылады. Шешім көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешім комиссия төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
7. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
8. Комиссия отырысының хаттамасына отырыстан кейін үш күн ішінде қол қойылады.
9. Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге ықпал еткен азаматтарды көтермелеу хаттамаға қол қойылғаннан кейін бір ай ішінде жүргізіледі.
10. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшін азаматтарға құрмет грамотасын, алғыс хатты, ақшалай сыйақы беруді Полиция департаменті салтанатты түрде жүзеге асырады.
Ақшалай сыйақының мөлшерi
11. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгіленеді және ол 10 еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
12. Ақшалай сыйақыны төлеу Полиция департаментінің бюджет қаражаты есебінен жүргiзіледi.
13. Ақшалай сыйақыны төлеу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Полиция департаменті бастығының бұйрығы шығарылады.
14. Көтермелеуге ақы төлеуге қаражат Полиция департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.