Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай облысы әкімдігінің "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" 2023 жылғы 14 наурыздағы № 51 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33-18 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Абай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы әкімі | |
Н. Уранхаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Абай облысы әкімдігі 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 161 қаулысына қосымша Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 51 қаулысымен бекітілді |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялардың көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидияланатын көлем | Субсидиялар көлемі, теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1. | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | Бас/ шағылыстыру маусымы | 10 000 | 80 490 | 804 900 000 |
1.2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 15 000 | 50 299 | 754 485 000 | |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | Бас/ шағылыстыру маусымы | 100 000 | 359 | 35 900 000 |
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | Сатып алынған бас | 150 000 | 3 602 | 540 300 000 |
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
4.1. | Отандық | Сатып алынған бас | 150 000 | 6 641 | 995 920 000 |
5. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | Тірідей салмағы килограмм | 200 | 746 790 | 149 358 000 |
Барлығы: | 3 280 863 000 | ||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
1.1. | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылықтар | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 45 | 3 900 838 | 175 537 710 |
1.2. | Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылықтар | 30 | 5 378 157 | 161 344 710 | |
1.3. | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 20 | 3 005 400 | 60 108 000 | |
Барлығы: | 396 990 420 | ||||
Етті құс шаруашылығы | |||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату: | ||||
1.1. | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген килограмм | 60 | 11 855 318 | 711 319 080 |
Барлығы: | 711 319 080 | ||||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | Сатып алынған бас | 60 | 60 000 | 3 600 000 |
Барлығы: | 3 600 000 | ||||
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау | Ұрықтандырылған бас/шағылыстыру маусымы | 1 500 | 26 000 | 39 000 000 |
2. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
2.1. | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | Бас/ шағылыстыру маусымы | 4 000 | 156 072 | 624 288 000 |
2.2. | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2 500 | 122 585 | 306 462 500 | |
3. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | Сатып алынған бас | 15 000 | 43 097 | 646 455 000 |
Барлығы: | 1 616 205 500 | ||||
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | Сатып алынған бас | 100 000 | 9 | 900 000 |
Барлығы: | 900 000 | ||||
Балара шаруашылығы* | |||||
1 | Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | Балара ұясы/маусым | 5 000 | 6 124 | 30 620 000 |
Барлығы: | 30 620 000 | ||||
Жиыны сома: | 6 040 498 000 |
Ескертпе:
Жануарлардың барлық түрлерін, етті бағыттағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын, асыл тұқымды құстан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапанды, ірі қара малдың және қойлардың эмбриондарын сатып алу бекітілген нормативтерге сәйкес субсидияланады, ал бекітілген нормативтен сатып алу құнының жартысы асып кеткен жағдайда, субсидиялау сатып алу құнының 50% - ына тең мөлшерде жүзеге асырылады.
Сүтті және сүтті-етті тұқымды асыл тұқымды бұқаның ұрығын сатып алу құнының 100%-на дейін субсидияланады, бірақ бекітілген нормативтерден аспайды.
Асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды/тұқымдық қошқарларды тауарлық табынға/отарға одан әрі жалға беру кезінде өтінім беруші етті мал шаруашылығындағы/қой шаруашылығындағы оператор болып табылады. Аналық мал басына арақатынасты есептеу бір тұқымдық аталыққа (асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтарды қоспағанда) кемінде 13 аналық басты құрайды және 25 аналық мал басынан аспайды.
Асыл тұқымды тұқымдық айғырлар мен тұқымдық түйелерді сатып алу аналық мал басы бар болған кезде субсидияланады. Аналық мал басының арақатынасын есептеу бір тұқымдық аталыққа кемінде 8 аналық басты құрайды және 15 аналықтан аспайды.
* - "Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу" бағыты бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.