Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 51 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 наурызда № 33-18 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 14 наурыздағы
№ 51 қаулыға қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялардың көлемдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Абай облысының әкімдігінің 05.12.2023 № 219 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

р/c

Субсидиялау бағыты
 

Өлшем бірлігі

1 бірл- ікке арна- лған субсиди- ялар норм-ативтері, теңге

Жергілікті бюджет

Үкіметтің резервтегі бюджеті

Субси-ди-яла-натын көлем

Субси-ди-ялар көлемі, теңге

Субси-дия-ланатын көлем

Субси-дия-лар көлемі, теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

1.1.

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

Бас/
шағылыстыру маусымы

10 000

80 490

804 900 000

51 387

513 870 000

1.2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

15 000

51 387

770 805 000

26 128

391 920 000

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

Бас/
шағылыстыру маусымы

100 000

359

35 900 000

5

500 000

3.

Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

Сатып алынған бас

150 000

3 602

540 300 000

229

34 350 000

4.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

4.1.

Отандық

Сатып алынған бас

150 000

6 641

995 920 000

5 731

859 650 000

5.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату

Тірідей салмағы килограмм

200

654 132

130 826 400

0

0

Барлығы:

3  278 651 400


1 800 290 000

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүт өндіру құнын арзандату:

1.1.

Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылықтар

Өткізілген немесе өңделген килограмм

45

3 881 779

174 680 070

1 399 156

62 962 210

1.2.

Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылықтар

30

5 378 157

161 344 710

1 545 729

46 371 870

1.3

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылықтар

20

0

0

9 970

199 400

1.4.

Ауыл шаруашылығы кооперативі

20

3  173 012

63 460 240

0

0

Барлығы:

399 485 020


109 533 480

Етті құс шаруашылығы

1.

Құс етін өндіру құнын арзандату:

1.1.

5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

Өткізілген килограмм

60

11 855 318

711 319 080

9 263 017

555 781 020

Барлығы:

711 319 080


555 781 020

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

Сатып алынған бас

60

30 000

1 800 000

0

0

Барлығы:

1 800 000



Қой шаруашылығы

1.

Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау

Ұрықтандырылған бас/шағылыстыру маусымы

1 500

25 808

38 712 000

0

0

2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:



2.1.

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

Бас/
шағылыстыру маусымы

4 000

156 117

624 468 000

51 151

204 604 000

2.2.

Қойлардың тауарлық аналық басы

2 500

122 623

306 557 500

36 983

92 457 500

3.

Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу

Сатып алынған бас

15 000

43 199

647 985 000

6 594

98 910 000

Барлығы:

1 617 722 500


395 971 500

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

Сатып алынған бас

100 000

9

900 000

0

0

Барлығы:

900 000



Балара шаруашылығы*

1.

Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

Балара ұясы/маусым

5 000

6 124

30 620 000

0

0

Барлығы:




30 620 000



Жиыны сома:

6 040 498 000


2 861 576 000

      Ескертпе:

      Жануарлардың барлық түрлерін, етті бағыттағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын, асыл тұқымды құстан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапанды, ірі қара малдың және қойлардың эмбриондарын сатып алу бекітілген нормативтерге сәйкес субсидияланады, ал бекітілген нормативтен сатып алу құнының жартысы асып кеткен жағдайда, субсидиялау сатып алу құнының 50% - ына тең мөлшерде жүзеге асырылады.

      Сүтті және сүтті-етті тұқымды асыл тұқымды бұқаның ұрығын сатып алу құнының 100%-на дейін субсидияланады, бірақ бекітілген нормативтерден аспайды.

      Асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды/тұқымдық қошқарларды тауарлық табынға/отарға одан әрі жалға беру кезінде өтінім беруші етті мал шаруашылығындағы/қой шаруашылығындағы оператор болып табылады. Аналық мал басына арақатынасты есептеу бір тұқымдық аталыққа (асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтарды қоспағанда) кемінде 13 аналық басты құрайды және 25 аналық мал басынан аспайды.

      Асыл тұқымды тұқымдық айғырлар мен тұқымдық түйелерді сатып алу аналық мал басы бар болған кезде субсидияланады. Аналық мал басының арақатынасын есептеу бір тұқымдық аталыққа кемінде 8 аналық басты құрайды және 15 аналықтан аспайды.

      * - "Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу" бағыты жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады