"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы мәслихатының "Абай облысының аумағында жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/53-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30923 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының төрағасы | |
К. Сулейменов |