Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабының 1 тармағына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 452 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Курчатов қаласы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8041 нөмерімен тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н. Т. Кошкарбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
О. Чугунков |