Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Курчатов қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 355 "Курчатов қаласындағы шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5209 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н. Т. Кошкарбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
О. Чугунков |
Курчатов қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 ақпандағы № 219 қаулысына қосымша |