Курчатов қаласындағы шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 355 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 5209 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу Реестірінің нормативтік-құқықтық актілерінде 11550 нөмірімен тіркелген), автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау Қағидаларына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес Курчатов қаласындағы шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары А. Ю. Глазинскийге жүктелсін.

      3. Қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Курчатов қаласының әкімі А. Оңдақанов

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "31" тамыздағы
№ 355 қаулысына
1 қосымша

Курчатов қаласындағы шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 14.02.2023 № 219 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.



  Курчатов қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "31" тамыздағы
№ 355 қаулысына
2 қосымша

Курчатов қаласындағы шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

1. Балаларды тасымалдау тәртібі

      1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.

      2. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау кемiнде екi есiгi бар, техникалық жай-күйi Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келетiн автобустармен жүзеге асырылады.

      3. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға арналған автобустар сары түстi шұғылалы шырақшамен жабдықталуға тиiс.

      4. Бұл автобустардың алдына және артына "Балалар тасымалы" деген тану белгiсi орнатылуға тиiс.

      5. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды, шағын автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.

      6. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.

      7. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.

      8. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.

      9. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.

      10. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.

      11. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:

      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;

      2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;

      3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.

      12. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:

      1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру маршрутын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;

      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

      5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;

      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

      7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.

      13. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.

      14. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.

      15. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды–екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.

      16. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.

      17. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.

      18. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:

      1) салонда тұруына және жүруiне;

      2) есiктер мен терезелерге жантаюына;

      3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;

      4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;

      5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;

      6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;

      7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;

      8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;

      9) есiктердi ашуына;

      10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға;

      11) шылым шегуге, сiрiңке, оттық жағуға;

      12) спирттiк iшiмдiктердi iшуiне, есiрткi, психотропты және улы заттарды қабылдауына жол бермейдi.

      19. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.

      20. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.

      21. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:

      1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;

      2) баспалдақтардан секiруiне;

      3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;

      4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.

      22. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:

      1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығуға;

      2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүру;

      3) түсiру орнынан жаяу жүрген кезде олардың Жол жүру ережесiмен жаяу жүргiншiлерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.

2. Қорытынды ережелер

      23. Қаланың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады