Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 30.11.2023 № 12/71-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Курчатов қаласында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2023 жылы болу құнының 5 (бес) пайызы болып бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы | |
Г. Хусайнова |