Курчатов қаласында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 3/23-VII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 мамырда № 69-18 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 12/71-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 30.11.2023 № 12/71-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Курчатов қаласында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2023 жылы болу құнының 5 (бес) пайызы болып бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы
      Г. Хусайнова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады