Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Абай ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін 2022 жылға бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 мамырдағы № 22/3-VII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 28186 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | |
М. Нұрсұлтанұлы |