Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 04.07.2023 № 4/8-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанды қоса алғанда шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерінің болу құны 0 (нөл) пайызға бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Мәслихат хатшысы | Е. Лдибаев |