Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 25 қазандағы № 8/123-VІІ "Аягөз ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/15-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 мамырда № 73-18 болып тіркелді

      Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының "Аягөз ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 25 қазандағы №8/123-VІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25093 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектіктері бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15 тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";

      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:  

      "4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.";

      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе порталға Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз аудандық мәслихат төрағасы
      А. Ибрайшин

О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 25 октября 2021 года № 8/123-VІІ "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аягозском районе"

Решение Аягозского районного маслихата области Абай от 28 апреля 2023 года № 2/15-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 12 мая 2023 года № 73-18

      Аягозский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Аягозского районного маслихата "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аягозском районе" от 25 октября 2021 года № 8/123-VIІ (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25093) следующие изменения:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", пунктом 1 статьи 11 Закона Республики Казахстан "О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Аягозский районный маслихат РЕШИЛ:";

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Возмещение затрат производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.";

      пункт 6 изложить в новой редакции:

      "6. Для возмещения затрат на обучение на дому заявитель обращается в уполномоченный орган через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или веб-портал "электронного правительства" (далее – портал) с заявлением по форме согласно приложению 1 или 2 к Правилам с приложением документов, указанных в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" согласно приложению 3 к Правилам.

      При обращении заявителя за назначением выплаты по возмещению затрат на обучение на дому детей с инвалидностью посредством портала запрос в информационные системы государственных органов и (или) организаций для подтверждения представленных сведений и получения необходимых сведений, предусмотренных в форме заявления согласно приложению 2 к Правилам, осуществляется самим заявителем.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Аягозского районного маслихата
      А. Ибрайшин