Аягөз ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 25 қазандағы № 8/123-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 қарашада № 25093 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 28.09.2022 № 17/320-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 2/15-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2023 № 7/92-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1. Аягөз ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 28.09.2022 № 17/320-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Аягөз аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №8/68-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4847 болып тіркелген) мәслихат шешімі;

      2) "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/68-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы №41/287-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6379 болып тіркелген) мәслихат шешімі.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз аудандық мәслихат хатшысы К. Досиханов

  Аягөз аудандық мәслихатының
2021 жылғы 25 қазандағы
№ 8/123-VII шешіміне
қосымша

Аягөз ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 28.09.2022 № 17/320-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі- Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 12.10.2023 № 7/92-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде "Аягөз ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар адамдардан басқа) үйде оқытылатын мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.

      4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 2/15-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе порталға Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 2/15-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері оқу жылы аяқталғанға дейін әр мүгедектігі бар балаға төрт айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтемеу негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады