Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Аягөз ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 тамыздағы №28/196-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3478 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз аудандық мәслихат төрағасы | |
А. Ибрайшин |