Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 25 қазандағы № 8/123-VІІ "Аягөз ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қазандағы № 7/92-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қазанда № 132-18 болып тіркелді

      Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының "Аягөз ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 25 қазандағы №8/123-VІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25093 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      1."Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі- Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз аудандық мәслихат төрағасы
      А. Ибрайшин

О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 25 октября 2021 года № 8/123-VІІ "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аягозском районе"

Решение Аягозского районного маслихата области Абай от 12 октября 2023 года № 7/92-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 20 октября 2023 года № 132-18

      Аягозский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Аягозского районного маслихата "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аягозском районе" от 25 октября 2021 года № 8/123-VIІ (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25093) следующие изменения:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Аягозский районный маслихат РЕШИЛ:.";

      в приложении к указанному решению:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аягозском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" от 25 марта 2021 года №84 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №22394) (далее-Правила возмещения затрат).".


      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Аягозского районного маслихата
      А. Ибрайшин