Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Аягөз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 366 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8658 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ. Әділбай |