Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Қарабас ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Абай облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылының көшелері қайта аталсын:
Чехов көшесі Зейнолла Нұрсейтов көшесіне;
Буденный көшесі Елшібай Тулеуов көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Байкадамов |