Абай облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Абай облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 2 шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қаңтарда № 6 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Қарабас ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Абай облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылының көшелері қайта аталсын:

      Чехов көшесі Зейнолла Нұрсейтов көшесіне;

      Буденный көшесі Елшібай Тулеуов көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      С. Байкадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады