"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Беген, Беген орман шаруашылығы ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Абай облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі Беген ауылының көшелері қайта аталсын:
Озерная көшесі Қажен Жингилбаев көшесіне;
Новая көшесі Еші Қонақов көшесіне.
2. Абай облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген орман шаруашылығы ауылының Степная көшесін Тәуелсіздік көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Н. Асылгожин |