Абай облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген және Беген орман шаруашылығы ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Абай облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 2 шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 9 ақпанда № 21-18 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Беген, Беген орман шаруашылығы ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Абай облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі Беген ауылының көшелері қайта аталсын:

      Озерная көшесі Қажен Жингилбаев көшесіне;

      Новая көшесі Еші Қонақов көшесіне.

      2. Абай облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген орман шаруашылығы ауылының Степная көшесін Тәуелсіздік көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Н. Асылгожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады