Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 3) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылының шекарасы (шегі) 15967,6895 гектар жалпы көлемімен белгіленсін.
2. Абай облысы Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округінің Ерназар ауылының шекарасы (шегі) 11560,7538 гектар жалпы көлемімен белгіленсін.
3. Абай облысы Бесқарағай ауданы Канонерка ауылдық округінің Канонерка ауылының шекарасы (шегі) 8570,7533 гектар жалпы көлемімен белгіленсін.
4. Абай облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылының шекарасы (шегі) 13519,9397 гектар жалпы көлемімен белгіленсін.
5. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуына бақылау жасау Бесқарағай ауданы әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы бірлескен Бесқарағай аудандық әкімдігінің қаулысы мен Бесқарағай аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аким Бескарагайского района | |
Т. Муратов | |
Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы | |
М. Абылгазинова |