Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Абай облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 4 қарашадағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Абай облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округінің Бородулиха, Успенка ауылдарының көшелері қайта аталсын:
Бородулиха ауылының "Пионерская" көшесі "Песчаная" көшесіне;
Бородулиха ауылының "Октябрьская" көшесі "Александр Капорин" көшесіне;
Успенка ауылының "Отдельная" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне.
2. Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округінің Знаменка ауылындағы "Атауы жоқ" көшеге "Мир" атауы берілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Садыкова |